ҚАЗ   РУС   ENG  


Балаларға арналған

Ағылшын тілі курстары

Балаларға арналған ағылшын тілі курстарының бағдарламасын әзірлеу және топтарды құру кезінде біз көптеген факторларды: балалардың жасын, дайындық деңгейлерін, сабақ үшін қолайлы күн мен уақытты ескереміз. Біздің курстар келесі жас ерекшеліктері топтарына бөлінген:

5-тен 7 жасқа дейін

Бұл бағдарлама негізінен еліктеу және ойын арқылы есту және сөйлеу машықтарын дамытуға бағытталған. Бұл өз кезегінде ағылшын тілін үйренуді қызықты да көңілді етеді, балалардың бойында оқуға деген қызығушылықты дамытады әрі тілді үйрену оңай деген әсер қалдырады. Тыңдау әңгімелер, аудио суреттемелер және мультфильмдер арқылы дамиды. Өлеңдер, тақпақтар, санамақтар және ұйқастырмалар өз кезегінде ағылшын тілінің айтылуы мен ырғағын үйренуге және «нақты» тілдік контексте маңызды ойларды есте сақтауға мүмкіндік береді. Сондықтан балалар жазу-сызуды үйренгенге дейін тілді түсініп, сенімді қолдана бастайды. Курстан өту барысында балалар тілге тән айрықша ырғақты қабылдауды жеңілдететін дәстүрлі ағылшын өлеңдерін, тақпақтарын көптеп жаттап, ағылшын тіліндегі ойындарды ойнайды.

 

Әрбір бөлімде әртүрлі жобалармен жұмыс жасау балаларға өз өмірлері туралы әңгіме құрастыру үшін ағылшын тілін қолдануға мүмкіндік береді. Жобаларды орындау жеңіл, балалар үшін қызықты тақырыптардың кең ауқымын қамтиды.

Осы бағдарлама бойынша оқи отырып балалар өздерінің сөздік қорларын молайтады және ағылшын тілі грамматикасының негіздерімен танысады.

 

Оқу жылының соңына қарай балалар қарапайым деңгейде ағылшын тілінде сөйлеп, сұрақтар қойып, ол сұрақтарға жауап бере алатын, өздері мен жанұялары туралы, жан-жануарлар, өздерінің сүйікті ойыншықтары мен сүйікті тағамдары туралы айтып бере алатын, ауа райы мен жыл мезгілдерін суреттей алатын болады.  Курс аяқталғаннан кейін балалар ағылшын тілінде көптеген өлеңдерді, тақпақтарды, санамақтарды және ойындарды білетін болады. 

 

7-ден 9 жасқа дейін

 

Бұл жастағы балаларға арналған ағылшын тілін оқыту бағдарламасы барлық тілдік машықтарды тең дәрежеде дамытатын тапсырмалар мен жаттығуларды: лексика мен грамматиканы игеруді, оқуды, жазуды, есту арқылы қабылдауды (тыңдауды), ағылшын тілінде ауызекі сөйлеуді, айтуды қамтиды.

Барлық деңгейлерді бірыңғай сюжеттік желі біріктіреді, ол оқытушыға ең алғашқы сабақтардан бастап баланы шығармашылық оқу процесіне тартуға көмектеседі.

Бұл курс тілдік оқытудың коммуникативтік әдістемелерін қолдануды ұсынып, жұптасып және шағын топтарда жұмыс істеуге бағытталған лингвистикалық және рольдік ойындарды, өлеңдерді, тақпақтарды, жаттығуларды, баланың шығармашылық қабілетін және тілді қолданып, белсенді тілдесу машықтарын дамытатын тапсырмаларды қамтиды.

10-нан 14 жасқа дейін

  

Орта мектептің оқушылары үшін оқудың нәтижелілігін айқындайтын маңызды фактор уәждеме (мотивация) және мүдде болып табылады, сондықтан да жас тобының мүддесіне сай құрылған және топты қызықтыратын тақырыптарды қамтитын бұл оқу бағдарламасының маңызы орасан.  

Оқытушылар сабақ барысында “Macmillan” баспасы ұсынатын оқу материалдарын: қосымша грамматикалық, ойындық, тақырыптық және өлең матералдарын кеңінен қолданады.

 Біздің клиенттер және серіктестер
Assyl Asset Agency © 2002-2024 Copyright
БАСТЫ КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ ҚЫЗМЕТТЕР БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ТАПСЫРЫС ОРНАЛАСТЫРУ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР БАЙЛАНЫСУ