ҚАЗ   РУС   ENG  


Біз туралы

Асыл Асет Агенттігі 2002 жылы құрылған. Жұмыс атқарған осы жылдар аралығында біздің компания қалыптасу жолынан өтіп, қызметтер ұсыну нарығында өзін көрсете білді және клиенттер мен серіктестердің сеніміне ие бола білді. Өткен жылдардағы жұмыс нәтижелерімізге біздің көңіліміз тояды және сол бір кезеңге алға қойған міндеттерімізді орындағандығымызды мақтан тұтамыз.

Ауыр қаржылық-экономикалық жағдайда құрылған біздің компания қарапайым шағын Агенттіктен ұйымшыл ұжымы, өзінің тарихы және жоғары беделі бар, аяғында нық тұрған ұйымға айналды.

Материалдық-техникалық базаны жақсарту, тәжірибелі және келешегі зор жас мамандарды тарту, жаңа прогрессшіл жұмыс істеу әдістерін енгізу, ұсынылатын қызметтердің сапасын көтеру – міне мұның бәрі біздің қызметіміздің негізгі артықшылықтары болып табылады әрі тұрақты бақыланып отырады. Біз әрдайым өз жұмысымызда өзіміздің клиенттеріміздің пікірлері мен талап-тілектерін нысанаға алып, олардың үміттерін толыққанды қанағаттандыруға тырысамыз.

Аударма қызметі нарығында Асыл Асет Агенттігі Қазақстан Республикасыдағы ең ірі аударма компанияларының бірі және Оңтүстік Қазақстан облысындағы бірінші агенттік болып табылады. Тек жеке тұлғалар ғана емес, ірі компаниялар мен ұйымдар біздің клиенттеріміз болып табылады. Біздің клиенттеріміздің саны тұрақты өсіп отырады, демек, ұсынылатын қызметтер көлемі де ұлғайып отырады.

Агенттік қызметі келесі негізгі бағыттарды қамтиды:

  • шет тілдерінен аудару бойынша қызметтер;
  • шет тілдері курстары;
  • шетелде білім алу;
  • жазғы каникулярлық бағдарламалар;
  • брендинг және қызметтер дизайны.

Біздің Агенттіктің әрбір саласы біз үшін маңызды болып табылады, әрбір сала бойынша біз Сіз үшін өзгермейтін жоғары сапамен, әрбір клиентке айрықша назар мен жеке көңіл бөле отырып,  қызметтердің кең спектрін ұсынуға тырысамыз. 

Біз Сізбен ынтымақтас болуға қуанамыз!

 Біздің клиенттер және серіктестер
Assyl Asset Agency © 2002-2024 Copyright
БАСТЫ КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ ҚЫЗМЕТТЕР БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ТАПСЫРЫС ОРНАЛАСТЫРУ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР БАЙЛАНЫСУ